Әкімшілік құқық бұзушылық туралы - страница 76

Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 622 -бап өзгертілді

622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi

1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 618-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимiн, шекара және кеден режим­дерін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өту бекетiндегi режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы , аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.

3. Әкiмшiлiк айып шараларының бiрi ретiнде әкiмшiлiк қамауға алынатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа әкiмшiлiк ұстауға тартылуы мүмкiн.

4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi осы Кодекстiң 619-бабына сәйкес жеке адам жеткiзiлген кезден, ал мас адамға, - медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.

 

623-бап. Мерзiмдi есептеу

1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағатпен, тәулiкпен, айлармен және жылдармен есептеледi.

2. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдi есептеуге қатысы жоқ.

3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та қосылады.

4. Мерзiм тәулiкпен есептелген кезде мерзiм алғашқы тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептелiп, мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады.

5. Мерзiм айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айда тиiстi күн жоқ болса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Әкiмшiлiк ұстау мен әкiмшiлiк қамауға алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс iстемейтiн (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып есептеледi.

 

624-бап. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстау орны мен тәртiбi

1. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлiнген, санитария талаптарына сәйкес келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгiн болдырмайтын үй-жайларда ұсталады.

2. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстаудың талаптарын, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары белгiлейдi.

3. Өздерiне қатысты әкiмшiлiк ұстау қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 625-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

625-бап. Алып келу

1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамды не заңды тұлғаның заңды өкiлiн, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргiзiледi.

2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.

 

2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 625-1-баппен толықтырылды

625-1-бап. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу

1. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу белгілі бір тұрғылықты орны және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға қатысты, оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың және қылмыстың белгілері болмаған және оның жеке басын анықтаудың өзге тәсілдері мүмкін болмаған кезде жеке профилактика шарасы болып табылады.

2. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді сот санкциясымен ішкі істер органдары қолданады және адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімде уақытша оқшаулаудан тұрады.

3. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолданудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінен босатудың негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 626-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

626-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның қолындағы заттарды тексеру

1. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргiзiледi.

2. Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.

3. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.

4. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.

5. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.

6. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.

7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

9. Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 627-бап өзгертілді

627-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру

1. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргiзiледi.

2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.

Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыра­тын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байла­нысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру, яғни құрылымдық тұтас­тығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу куәгер­лердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.

3. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру оларды иеленушi адамдардың не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған адамдардың қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.

4. Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады.

5. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға не оның заңды өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға тапсырылады.

6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

7. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

8. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 627-1-баппен толықтырылды

627-1-бап. Тексеру

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды тексеруге құқылы.

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 627-2-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 627-2 -бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара )

627-2-бап. Тексеру жүргізудің жалпы ережелерi

1. Тексеру, әдетте, қажеттілік туындаған жағдайда дереу жүргізіледі. Тексеру жүргізілгені туралы хаттама толтырылады. Хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, тексерілген адам, заттардың түрі, саны, өзге де ұқсас белгілері туралы, соның ішінде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгісі, калибрі, сериясы, нөмірі, белгілері, оқ-дәрілердің, арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Тексеруге жатқызылған адам, тексерілген заттар иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.

2. Тірі адамдарды тексеруді осы Кодекстің 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүргізеді. Тірі адамдарды тексеруді тексерілушімен жынысы бірдей адам және жынысы осындай екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.

Тірі адамның заттарын тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексеруді осы Кодекстің 620-бабында аталған, оған уәкілетті лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші адамның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.

Тірі адамда айналадағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін қару немесе өзге заттар бар деуге негіз болған ерекше жағдайларда оның жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, куәгерлерсіз жүргізілуі мүмкін.

3. Осы баптың 2-бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, орындарды, заттарды, құжаттарды тексеру, куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) тексеру куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізіледі.

4. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбірленушінің, куәлердің, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргізіледі.

5. Табылған іздер мен өзге де материалдық объектілерді тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшін қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулі қиындықтар туындайтын болса, объектілер алып қойылуы және буып-түйілген, мөр басылған күйінде, зақым келтірілмей, тексеруге қолайлы жерге жеткізілуі мүмкін.

6. Тексеру кезінде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетілуге тиіс, ол жөнінде хаттамаға белгі қойылады.

7. Іске қатысы бар объектілер ғана алып қойылуға тиіс. Алып қойылған объектілер буып-түйіліп, мөр басылады және уәкілетті лауазымды адам мен куәгерлердің қол қоюы арқылы расталады.

8. Тексеруге қатысушы адамдар олардың пікірінше істің мән-жайын анықтауға септігін тигізуі мүмкін дегеннің бәріне уәкілетті лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.

9. Қажет болған жағдайларда тексеру кезінде тексерілетін объектілер өлшенеді, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсіріледі және өзге де құралдармен түсіріліп алынады, ол туралы хаттамаға белгі жасалып, оған аталған материалдар қоса тіркеледі.

10. Тексеру хаттамасының көшірмесі өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға не оның заңды өкіліне тапсырылады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 628-бап өзгертілді

628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды алып қою

1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы не нысан­асы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.

Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары бол­маған кезде немесе басқа да объективті себеп­терге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретін­де тартуға мүмкіндік болмағанда) құқық бұзу­шылық жасалған орында табылған құқық бұзу­шылық құралдары болатын не осы Кодекстің
4554273115521886.html
4554524725973815.html
4554646083661770.html
4554800703774156.html
4554963203954654.html